«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫЗДЫҚ СҰЛТАНҒА АЙТҚАНЫ

Жамбыл ЖАБАЕВ.

Сәлем бердім, алдияр,

Орын бердің қасыңнан.

Сен бір қалған көз едің

Кенесары асылдан.

Сыздық* атың жайылды

Бұл өңірге жасыңнан.

Айбатыңды көргенде,

Дұшпандарың бас ұрған.

Даңқыңды естіп жүруші ем

Шартарапқа шашылған.

Ақ жүзіңді көрген соң,

Енді мауқым басылған.

Ауылға жүр, қонақ бол,

Атан алып, ат мініп,

Ағайынға беріп қол.

Аттанарсыз, Сыдеке,

Ата жолы деген сол!

Арнап келіп алғаның

Алтын жүзік, сарқасқа ер.

Атаңыздың аруағын

Сыйлайды екен бір тайпа ел.

Екеуінің қалғаны –

Он бір жыра деген жер.

*Сыздық – Кенесарының ұлы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp