Биылғы 21 қаңтар күні Шал ақын ауданының Бірлік ауылында полицияның учаскелік инспекторы жұдырықтасып жатқан жас жігіттерді айырмақ болғанда араққа бөгіп алған содырлар оның өзіне тұра ұмтылып, балағаттап, басынған. Өз басына қауіп төнген инспектор қосымша тәртіп сақшыларын шақырып, солардың көмегімен басбұзарлар сабасына түсірілді.
Осыған ұқсас оқиға Мамлютка қаласында да орын алды. Ішіп алған екі әйел дәмханада төбелесіп, тәртіпке шақырған учаскелік инспекторларды балағаттап, дөңайбат көрсеткен.
Осы жанжал үшін сот оларға 60 сағат қоғамдық жұмыс істеуге үкім шығарды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.