«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫНАҚҚА СЫНБАҒАН

Облыстық полиция департаментінде кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына арналған «ерлік сабағы» өтті. Іс-шара барысында жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жас полицейлері, курсанттар, Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің «Жас сақшы» сыныбының оқушылары соғыс ардагерлерімен кездесті.

Ауған соғысының қатал сынақтарынан өткен «Қызыл жұлдыз» орденінің кавалері, отставкадағы полиция подполковнигі Давыд Шнайдер, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған отставкадағы полиция полковнигі Жайнақ Тұртаев және «Жауынгер-интернационалист» медалінің иегері, отставкадағы полиция аға лейтенанты Василий Голенко жауынгерлік өмір және әскерден кейінгі полициядағы күндері туралы естеліктерімен бөлісті. Жас тыңдаушылар соғыс кезеңінің заңдарына, тәртібіне, қызметке қатысты сұрақтарын қойды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp