«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ

Облыстық ішкі істер департаментінің басшылық құрамы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жол қозғалысы ережелерінен емтихан тапсырды. Алғаш рет ұйымдастырылған сынаққа жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полициясы басқармасының басшылары, батальон мен взвод командирлері қатысты. Тест тапсырмасы 40 сұрақтан тұрғанын айта кеткен жөн.

“Жолда жүрудің талаптарын алдымен полиция қызметкерлері білуі керек. Өйткені, тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін жетік меңгеріп және қатаң ұстанып, қарапайым азаматтарға үлгі болуы тиіс”, – дейді департамент бастығы Берік Біләлов. Облыстың бас полицейі тестілеуден сүрінбей өтті. Алайда, үміткерлердің бәрі бірдей жақсы нәтиже көрсете алмады. Енді олар емтихан сыныбына қайта келетін болды. Алдағы уақытта департамент басшылығы қызметтік және жеке көлікпен жүрген барлық полицейлердің білімін тексеруді жоспарлап отыр.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp