«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫННАН СҮРІНГЕНДЕР ЖОҚ

Облыстық Мемлекеттік тілді оқыту орталығының мамандары Булаево қаласының №2, №3, №4 орта мектептерінде қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша сынақ өткізді. 

Бұл күні аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдердің басшылары, аудан әкімі аппаратының және бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілері, қалалық және ауылдық округтердің әкімдері және мемлекеттік қызметшілері, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру салаларының басшылары, олардың орынбасарлары мен қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары мен полиция қызметкерлері, арнайы мамандандырылған “Күзет” қызметінің басшысы мен қызметкерлері, Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары, аудандық Статистика басқармасының басшысы мен мамандары, сонымен қатар қарапайым тыңдаушылар, барлығы 284 адам тест тапсырды. ҚАЗТЕСТ-тің қорытындысы бойынша 76 адамға сертификат берілді, сынақтан мүлде өте алмаған адамдар жоқ. Осы сынаққа ауданның мемлекеттік қызметшілерінен 109 адам қатысып, 21-і сертификат алды. В1 деңгейі бойынша – 14, В2 – 4, С1 – 3 мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді білетіндіктерін көрсетті.

Сертификат иесі атанған мемлекеттік қызметшілердің қатарында бөлім басшылары Р. Смағұлов пен А. Қыраубаев, ауылдық округ әкімдері Н. Шахметов, Р. Ысқақов, Н. Жакин және Г. Ветер, мектеп директорлары Б.Секимов, Б.Бейсембаева, Қ.Молдыбаев, Б.Батанова, Р.Мұхамбетова, Ә.Жексембина, Д.Сәбитов, Ж.Рысова, директордың оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары М.Әміренова, Л.Кирейбаева, А.Какабаева, Б.Хамитова, Ғ.Аленова, Г.Сапарова және т.б. бар.  

Кейбір себептермен тест сынағына қатыса алмағандар қыркүйек айында Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік тілді оқыту орталығында қайта тапсыратын болады.

Осы емтиханды өткізу барысында компьютерлік сыныптар бөліп, қолдау көрсеткені үшін Булаево қаласының №2, №3 және №4 орта мектептерінің директорлары А.Барсуковқа, С.Заевқа және Б.Секимовке және емтихан барысында техникалық құралдардың қызметін қамтамасыз еткен осы мектептердің информатика пәндерінің мұғалімдері мен лаборанттарына алғысымыз шексіз.

Медет БЕКІШЕВ,

Солтүстік Қазақстан облыстық

Мемлекеттік тілді оқыту

орталығының әдіскері.

Мағжан Жұмабаев ауданы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp