«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫНҒАН ҚОЛЫМЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қайрат Ахметов “ONE FC Grand-Prix” турнирінде қолының сынғанына қарамастан жеңіске жетті.

Жеңіл салмақтағы “ONE FC” тұжырымының экс-чемпионы Токиода өткен турнирде австралиялық Рис Макларенмен (12-6) жұдырықтасты. Отандасымыз екінші раундта сол қолын сындырып алды. Дегенмен, Қайрат 3 раунд қорытындысы бойынша жеңіс тұғырына көтерілді. Осылайша, шаршы алаңда 23-ші мәрте топ жарған отандасымыз Гран-при турнирінің келесі айналымына шықты. Бұл турнирде “UFC” тұжырымының 12 дүркін чемпионы Деметриус Джонс та келесі айналымға өтті. Қайрат Ахметов – “ONE FC” тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған тұңғыш әрі жалғыз қазақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp