Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-шы турында жергілікті “Қызылжар СҚ” клубы сырт алаңда “Екібастұз” командасымен кездесті.
Тартысты өткен кездесудің тағдыры тек екінші таймда шешілді. Жерлес қорғаушы Владимир Сидельников матчтың соңғы минутында қарсыластар қақпасына гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Енді жерлестеріміз келесі ойынын өз алаңында өткізеді. Қыркүйектің 11-і күні “Қарасай” стадионында “Қызылжар СҚ” клубы Оңтүстік Қазақстан облысының “Мақтаарал” командасын қабылдайды.