«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫРЫН БІЛМЕГЕНГЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ДА ҚАУІПТІ

Сарапшылардың пікірі бо­йын­­ша, газ құрылғыларының тех­никалық жағынан тозуы жә­не оларды пайдаланушылар­дың салдыр-салақтығы көп жағ­дайда жарылыстарға әкеліп соқ­тыруда. Өрт қауіпсіздігінің қа­рапайым ережелерін білмеу­дің, яки елеп-ескермеудің сал­да­ры­нан осындай оқиғалар орын алады.

Сұйылтылған газдың буы ауа­мен салыстырғанда, шамамен, екі есе­дей ауыр. Бөлменің төменгі жә­не желдетілмейтін бөлігінде жина­луы мүмкін. Ауада таралу жылдам­дығы нашар. Оның негізгі компо­нен­ті – пропан. Метан сияқты про­пан да –түссіз, иіссіз газ. Өте жан­ғыш және жарылғыш. Бөлме 2-11 пайыз газ­бен толтырылған кезде пропан жа­рылғыш қасиетке ие бо­лады. Жа­рылыс статикалық элек­тр­ден туын­даған ұшқыннан да туын­дайды. Ол ауаға көп мөлшер­де тараған кезде адам оттегінің аз­дығынан тұншығуы мүмкін. Адам­ды ұйқы қысып, жүрегі айнуы, басы ауырып, бойында әл­сіздік пайда болады.
Әдетте, сұйылтылған газ ауаға та­рағанда иісін бірден сезуге бо­ла­ды. Алайда, жер астындағы құбыр­дан шығатын газдың қауіптілігі жо­ғары. Себебі, ол жер бетіне шық­қан­ға дейін бірнеше сүзгіден өтеді. Нәтижесінде иістерден айырыла­ды. Сондықтан ауадағы газ құра­мын тек анализатор құралының кө­мегімен ғана анықтауға болады. Сондай-ақ, газ жарылысы орын ал­ған кезде өрт шықпайтынын атап айт­қан жөн. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, жарылыс өте қыс­қа мерзімде болатындықтан, бөл­медегі заттар мен жиһаздар жанып үлгермейді. Ал тұтанған газ лезде сө­ніп қалады. Екіншіден, жарылыс ке­зіндегі жоғары қысым бөлмедегі жалынды сөндіріп тастайды. Осы­ған байланысты нысандағы есік­тер, терезелер мен люктер сыртқа қарай ашылатындай етіп орнаты­ла­ды. Яғни, жарылыс кезінде жа­лын­ның жолында ешқандай кедер­гі болмауы тиіс. Бұл жарылыстың әсерін азайту үшін жасалған.
Қайғылы оқиғаларға ұрынбау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін ұс­танып отырған дұрыс. Атап айтқан­да, газ таратушы ұйымнан оны қа­уіпсіз пайдалану бойынша нұсқау алу керек. Газ аспаптарының, тү­тін­діктердің және желдетудің қа­лыпты жұмысын қадағалау, газ ас­паптарын қосқанға дейін және оны ор­нату кезінде тексеру, газды пай­далану аяқталғаннан кейін кран­дарды, асүйлердегі баллондардың вентильдерін жабу қажет. Атал­мыш жабдықтардан ақау шыққан кезде «104» телефоны арқылы газ ша­руашылығы кәсіпорнының қыз­мет­керлеріне хабарласу керек. Сон­дай-ақ, жертөлелерде электр жа­рығын қоспас бұрын газ иісінің жоқтығына көз жеткізу қажет. Бір айдан астам уақытқа жол жүрер бол­саңыз газ шаруашылығы кәсіп­орнын хабардар еткен жөн.
Арман БӘСЕНОВ,
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бас маманы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp