«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫРҚАТ САНЫАЗАЙДЫ

Өңірімізде адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясын (АИТВ) жұқтырған 1400-ден астам адам есепте тұр.

Облыстық АИТВ инфекциясының прафилактикасы жөніндегі орталық директорының міндетін атқарушы Айман Сыздықованың айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңіріміз бұл дертпен ауыру деңгейі жоғары топтан орта деңгейдегі топқа ауыстырылды. Алдын алу шаралары мен мамандардың жүйелі жұмысының арқасында оң көрсеткішке қол жеткізілген.

– Биыл жылдың басынан бері 34 адамға осы диагноз қойылды. Бұл – өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға төмен. Ауырғандардың 64,7 пайызы – ерлер, 35,3 пайызы – әйелдер. Соңғы үш жарым жылда өңірде балалардың аталмыш ауруды жұқтыруының бірде-бір жаңа жағдайы тіркелген жоқ. 2016 жылдан бастап облыс АИТВ-мен ауыру деңгейі жоғары аймақтарға жатқызылып келді. Бұл инфекцияның парентеральды берілу жолының күрт өсуімен байланысты болды. Яғни, «тұздар» деп аталатын синтетикалық есірткіні инъекциялық түрде пайдаланудың салдары, – дейді Айман Сыздықова.

Маманның айтуынша, орталықтың аутрич қызметкерлерінің күшейтілген жұмысы және «зиянды азайту» бағдарламасын енгізу оң нәтижесін берді.

– Осы мамандардың көмегімен біз жабық ортаға кіріп, адамдарға бір реттік шприцтерді қолдану, АИТВ- ға тестілеуден өту, емдеуді бастау қаншалықты маңызды екенін түсіндіре алдық. Бүгінгі күні осындай 10 аутрич-қызметкер АИТВ жұқтыру қаупін түсіндіріп, жергілікті жерлерде тестілеу үшін дәрігерлердің келуін ұйымдастыруда, — дейді Айман Сыздықова.

Қазіргі уақытта облыста АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90 пайызы антиретровирустық терапияны қабылдайды. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 11,2 пайызға өсті.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp