«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СІБІР ЕЛІГІН АТЫП АЛҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Облыста заңсыз аң аулаудың алдын алу және экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында ұйымдастырылған “Браконьер” жедел алдын алу шарасының аясында 60-тан астам заң бұзушылық анықталды.

Фактілердің басым бөлігі заңсыз аң және балық аулауға қатысты болса, азаматтық қару-жарақты заңсыз сатып алу, сақтау және пайдалану, тасымалдау жағдайлары да кездеседі.
Жамбыл аудандық табиғатты қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Дамир Мұрсалиев Благовещенка ауылының маңында “ВАЗ 21214” маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеріс барысында көліктің салонында алдын ала болжам бойынша Сібір елігінің еті табылды. Кейін белгілі болғандай, 1980 жылы туған жүргізуші Украинское ауылына жақын маңда елікті байқап, сол ауылдың тұрғынына жануарды атып алуды ұсынған. Екеуі көлікпен “ИЖ 58МА” маркалы 12 калибрлі қаруды алып келіп, елікті атып алған. Алайда, денесін бөліп, жүксалғышқа салып алаңсыз кетіп бара жатқан заң бұзушының ойлағаны жүзеге аспады. Заңсыз аң аулау фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, еліктің еті сараптамаға жіберілді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp