«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҮТТІ САНДЫҚ ТАҢБАЛАУ

Солтүстік Қазақстан облысындағы сүт зауытында өнімді цифрлық таңбалау жүйесі сынақтан өткізілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаны қазақстандық “QR Trace” компаниясы Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігімен және “Қа­зақтелеком” компаниясымен серіктесіп, петропавлдық “МолПродукт” ЖШС-і базасында іске асырды. “МолПродукт” ЖШС-дегі жаңғыртылған өнді­рістік желінің жұмысын көрсетуге Ауыл шаруашылығы министрлі­гінің, “Қазақтелеком” АҚ-ның жә­не “QR Trace” ЖШС-нің өкілдері қатысты. Агроөнеркәсіптік ке­шен саласындағы таңбалау жүйе­сін енгізу бойынша қанат­қақты жоба Үкімет басшысы Ас­қар Маминнің тапсырмала­рын және Премьер-Министрдің бі­рінші орынбасары Әлихан Сма­йы­ловтың 2020 жылғы 14 шіл­де­дегі “Қазақстан Республикасын­да тауарларды таңбалау және қа­дағалау жобасын іске асыру ту­ралы” кеңес хаттамасын орын­дау аясында жүзеге асырылды.

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауарларды сәй­кестендіру құралдарымен таң­балау туралы ратификациялан­ған келісімге сәйкес, Қазақстан тауарларды қадағалаудың ұлт­тық жүйесін іске қосты және ин­теграциялық процестер аясын­да тері бұйымдары мен темекі өнімдерін міндетті таңбалауды енгізді. Сонымен қатар, биыл республикада дәрі-дәрмектерді, алкогольді, аяқ киім мен сүт өнім­дерін таңбалау бойынша қа­натқақты жобалар іске қосылды.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарларды таң­балау мен олардың қадағалану жүйесі кезең-кезеңімен енгізіле­ді және 2022 жылдан бастап мін­детті болады. Яғни, көрсетілген және қолдан жасалатын өнім түр­лерінің QR-белгісі (“Data Matrix”) болмаса, биылдан бастап да­йын­даушы елден тыс жерлерде сатылмайды. Таңбалаудың бір­ден бірнеше мақсаты бар. Бі­рін­ші кезекте бұл тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қор­ғау мақсатында тауарларды өн­діру және оларды тасымалдау ту­ралы мәліметтердің ашықтығын қамтамасыз ету.

Штрих-кодта тауардың өнді­ріс­тен дүкен сөресіне жеткенге дейінгі бүкіл жолы жазылады. Мәселен, өндірілген орны мен күні, жарамдылық мерзімі, өнімді сауда кәсіпорындарына жіберу уақыты және тағы басқа да тауар туралы ақпарат қамтылады. Тұ­тынушы бұл ақпараттың барлы­ғын бірден смартфонның көме­гімен QR код (“Data Matrix”) ар­қылы оқи алады. QR-кодтар (“Data Matrix”) тек тіркелген кә­сіп­орындарға ғана беріледі. Осы­лайша, жүйе контрафактілік та­уарларды өндірушілердің сауда-логистикалық тізбегінен авто­мат­ты түрде өшіреді.

Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу бизнес үшін өте пайдалы және бірқатар артықшылықтары бар. Айталық, нарыққа жалған өнімдер шыға­ратын заңсыз тауар өндіруші­лер­мен бәсекелестік мәселесі шешіледі, логистикадағы шы­ғындар азаяды, тауарларды есеп­ке алу жеңілдетіліп, жедел­детіледі. Жаңашылдықтың арқа­сында көлеңкелі экономика қыс­қарады, адал еңбек ететін кә­сіпкерлердің тиімдігі артады жә­не бюджет кірісі ұлғаяды. Сон­дай-ақ салық түсімдерінің өсімі әлеуметтік міндеттемелерді орын­дауға ғана емес, бизнесті қосымша қолдауға да бағытта­латын болады.

Руслан ҒАББАСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp