«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҮТ ФЕРМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Солтүстік Қазақстан облысына Ресейдің Қорған облысы губернаторының орынбасары Сергей Гаврин бастаған делегация келді.

Делегация құрамында шекаралас өңір агроқұрылымдарының басшылары да бар. Сапар ресейлік тараптың бастамасымен ұйымдастырылып, өңір делегациясының Қорған облысына жасаған ресми сапары аясында басталған өзара байланыстардың жалғасына айналды.

Қорғандық тарап біздің өңірде сүт фермаларын салу және осы жобаны республика көлемінде тарату бастамасына ерекше қызығушылық танытып отыр. Сапар барысында қонақтар облыстың агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен іске асыру тәжірибелерімен танысты.

Бағдарлама аясында делегация Аққайың ауданындағы заманауи «Қызылжар сүт» және «Иван Зенченко» тауарлы-сүт фермаларында болды. Сонымен қатар Новоникольское ауылына барып, онда «Зенченко және К» коммандиттік серіктестігінің дамуы және әлеуметтік инфрақұрылыммен танысты. Сапар соңында Мамлют ауданының «Арқалық» шаруа қожалығына барып, онда бие сүтін өңдеу бойынша жобаны көрді.

Бұл сапар агроөнеркәсіп саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға, инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша тәжірибе алмасуға, сондай-ақ екі көршілес өңір кәсіпорындарының арасында әріптестік байланыс орнатуға бағытталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp