«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сұранысқа сай мамандар

Колледж түлектеріне жұмыс тауып беру – еңбек нарығын бі­лікті мамандармен қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі. Бұл орайда, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын халықаралық талаптармен үй­лес­тіре отырып, әлеуетті жұмыс бе­рушілермен өзара тығыз бай­ланыс орнатудың маңызы зор. Болашақ маманның кәсіби даяр­лық деңгейін шыңдауда мақсат­керлік, кәсіби құзыреттілік, жауап­кершілік, жүйелі және талдама­лық ойлау сияқты жеке қасиет­терді жетілдірудің мәні айрықша. Түлектерді жұмысқа орналас­ты­руда және уақытша жұмыспен қам­туда Уәлиханов ауылшаруа­шылығы колледжі түрлі қызмет, атап айтқанда, түлектер дерек­қорын құру, кәсіби жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат жинау, уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек нарығына бейімделуге кө­мек көрсету, еңбек на­рығындағы сұраныс пен ұсы­ныстарды зерт­теу, жұмысқа ор­наластыру мәсе­лелері бойынша кеңестер беру, жұмыс беруші­лермен қа­рым-қа­тынас тәсілдері мен дағ­дыла­рын қалыптастыру, жұмыс­қа ор­на­ластыру проб­лемаларын ке­шен­ді түрде шешу, кәсіп­орын­дар­мен және басқа жұмыс беру­шілермен өзара әре­кеттесу, бос орындар туралы ақ­парат жинау, студенттердің қаты­суымен кәсіп­орындарға экскур­сиялар, бос орындар жәрмең­келерін ұйым­дастыру бағыт­тарын жүзеге асыруда.

Республика тұрғындарының 42 пайызға жуығы ауылды жер­лер­де тұратынын ескерсек, жан-жақты дамыған, белгілі бір кәсіп­ке бейімделген, нарықтық бәсе­кеге қабілетті, заманауи ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, оларды тәжірибеде тиім­ді түрде қолдана алатын білікті жұ­мысшылар мен мамандарға де­ген қажеттілік әлі де байқала­ды. Ауыл шаруашылығы сала­сында ветеринар, дәнекерлеуші, трак­тор­шы-машинист сияқты ма­ман­дар тапшы. Біздің колледж жыл сайын осы кәсіптер бойынша сту­денттерді оқуға қабылдайды. Өн­дірістік оқыту шеберлері мен топ жетекшілері жиналыстар мен сы­нып сағаттарында жұмысқа ор­наласу тәртібін, түйіндемені қа­лай дұрыс құрастыру керектігін түсіндіріп, оқу сапасын, колледж бітірген соң жұмысқа орналасуын қадағалап отырады.

Бос орындар жәрмеңкесі – тү­лектерді жұмысқа орналасты­руға көмек көрсетудің бірегей тәсілі. Студенттер жұмыспен қамту жә­не әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасы мен бөлімдері, жастар бастамалары орталығы ұйым­дас­тырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жүйелі түрде қаты­сады. Өткен оқу жылында кол­ледж нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың “Еңбек” мемлекеттік бағ­дар­ламасы бойынша білім алған 49 маманға диплом берді. Сұраныс бойынша фер­мер­лік пен есепшілікті – 17, трак­торшы-машинистті – 18, ветери­нар мамандығын 14 маман игер­ді. Жұмыс берушілермен кезде­сулер ұйымдастырылып, алдын ала жұмысқа орналастыру тура­лы шарттар жасалды. Нәтиже­сінде өткен оқу жылында жұ­мыспен қамтылғандардың үлесі 96 па­йыз­ды құрады. 7 түлегіміз оқу­ла­рын одан әрі жалғастыруда.

Сайран ТАШКИН,

ауыл шаруашылығы колледжінің директоры.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp