
Петропавл қаласында облыстық “Сұңқар” спартакиадасы аясында өңірдегі колледждер студенттері арасында дартстан біріншілік өтті. Оған барлығы 16 команда, 64 адам қатысты.
Жарыстың жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша ұлдар арасындағы бәсекеде бірінші орын үздік нәтижелерге қол жеткізген Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің құрамасына бұйырды. Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжінің шәкірттері екінші орынды еншілесе, гуманитарлық-техникалық колледждің командасы үшінші орынға ие болды.
Қыздар арасындағы додада гуманитарлық-педагогикалық колледжінің жас спортшылары өздерінің сұрмергендерге лайық екендіктерін паш етіп, топ жарды. Ал Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледждерінің өкілдері екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.