«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҰРЫПТАЛМАҒАН ҚОҚЫС ПОЛИГОНҒА ТӨГІЛМЕУІ ТИІС

Облыстық экология басқармасы сұрыпталмаған қоқысты тұрмыстық полигонға төгуге тыйым салып, екі ортада коммуналдық кәсіпорындар көліктерге тиелген қажетсіз заттарды қайда төгетіндерін білмей дал болған-ды. Келесі күні қаладан қоқысты шығару ісіне жауапты қызметтердің жұмысы бұрынғы кестеге сәйкес жалғасты. 

Экология департаменті басшы­сының міндетін атқарушы Азамат Бектасовтың айтуынша, 2018 жылы енгізілген жаңа ережеге сәйкес, полигонға сұрыпталмаған қоқыс жеткізуге тыйым салынған. Оның үстіне қоқыс полигондарының әлсін-әлсін өртенуінен қала жұртшылығы қолқаны қапқан иісі өз алдына зиянды газдармен дем алуға мәжбүр болып отыр. Полигон иесіне айыппұл салудан нәтиже шықпаған соң, департамент қызметкерлері кезекті тексерістен кейін полигонға сұрыпталмаған қоқысты қабылдамау туралы ұйғарым шығар­ған.

Ал “МирСервис” ЖШС-і жұмысшыларының айтуынша, қаладағы қоқыс жәшіктерінің маңында пластик пен шыныға арналған контейнерлер бар екенін елеп жатқандар некен-саяқ. Ал санитарлық ереже бойынша жұмысшыларға контейнерлер маңында қоқыс сұрыптауға болмайды. Бұл жұмыс арнайы мекемеде атқары­луы керек. Ал полигион иесі “ҚызылжарТазалық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрыптай­тын кешенді 2025 жылға дейін орнатуды жоспарлап отыр.
Қалалық тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақыт Ілиясов бүгінде бұл мәселені экология департаменті мен “Қызылжар Тазалық” кәсіпорны бірлесіп шешкенін, қоқыстар бұрынғысынша полигонға жеткізіліп жатқанын айтты.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp