Екі жасар нәрестені өлімнен арашалап қалған Дмитрий Зайцевты тәртіп сақшыларымарапаттады.
Осыған дейін Дмитрий Зайцевтің төртінші қабаттағы пәтердің терезе жақтауына шыққан 2 жасар сәбиді құтқарғаны жайлы хабар берген болатынбыз. Ол балкон арқылы пәтерге кіріп, терезеден құлайын деп тұрған нәрестені түсіріп алды. Ал балаға қарауы тиіс әйел түнгі кезекшіліктен кейін ұйықтап кеткен екен. Сәби оқиға кезінде жұмыста болған әке-шешесіне аман-есен табысталды.
«Бірлескен әрекеттер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысының тиімділігін арттырады. Азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысуы олардың құқықтық тәртіп мәселелеріне қатысты белсенді көзқарастарын білдіреді», – деген Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржан Қожағұлов Дмитрий Зайцевке Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.