
Облыстық перинаталдық орталықта қыркүйектің жетісінен сегізіне қараған түнде, нақтылап айтсақ, түнгі сағат 24.00-ден таңғы 8.00-ге дейін сегіз бала дүние есігін ашты. Оның екеуі – ұл, қалғаны – қыз балалар.
Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Отбасы күні облыс көлемінде түрлі мерекелік шаралар өткізілді. Солардың ішінде Петропавлдағы перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан сәбилерді құттықтау да бар.
Перинаталдық орталықтың бас акушері Ирина Блохинаның айтуынша, мереке қарсаңында сегіз бала дүниеге келген. Олардың екеуі ота арқылы туған. Сәбилердің және жас босанған аналардың жағдайлары жақсы.
Аналарды Петропавл қалалық Әділет басқармасының мамандары “Отбасы күнімен” құттықтап, оларға өмірлерінің алғашқы сәттерінде ең қажетті деген сыйлықтар табыстады.
Үй шаруасындағы Вероника Ашанинаның тұңғышы қыз екен. Мереке қарсаңында отбасына Егор есімді ұл келіпті.
– Отбасы – шағын мемлекет. Баланың өмірі осы мемлекетте басталады. Ұлым 3,2 килограмм болып туды. Жағдайымыз жақсы. Елімізде тұңғыш рет аталып өтіп отырған мереке қарсаңында ұл туғаныма қуаныштымын. Бұл мереке біздің отбасымыз үшін ең сүйікті күн болады. Мемлекетіміз гүлдене берсін, онымен бірге біздің шағын мемлекетіміз де нығая түседі. Барлық балалар мен аналарға бақыт, денсаулық, отбасыларына береке-бірлік тілеймін, – деді.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.