
Жаңа жылдың алғашқы күні өңірімізде 22 сәби өмір есігін ашса, оның он алтысы облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келді. – Жаңа жыл мен үшін қуанышты сәттерден бастау алды. Ана атанып, шексіз бақытқа бөлендім. Қызымды құшағыма алғандағы әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Отбасында сәбидің шат күлкісі естілгенге не жетсін! Әрбір шаңыраққа осындай қуаныш тілеймін, – дейді жиырма екі жастағы Айша Балғабай.
Бөбегін бауырына басқан ана жақсы жағдай жасаған облыстық перинаталдық орталықтың ұжымына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Кішкентай шақалақтың салмағы 2 килограмм 900 грам, бойы 52 сантиметр.
Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Мауытова әрбір ана мен баланың денсаулығы ақхалаттылардың назарында екенін айтты. Сондай-ақ, ол 2019 жылдың алғашқы тәулігінде медициналық қызметкерлер кезекшілікті абыроймен атқарып, жұмыста ешқандай қиындық орын алмағанын жеткізді. Жалпы, облыс орталығында дүниеге келген он алты сәбидің тоғызы қыз бала болса, қалғаны ұл. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл қызғалдақтардың саны басы
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, “Soltústіk Qazaqstan”.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ