«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘЛІМХАННЫҢ ЖЕҢІСІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық сайыста М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі, жерлесіміз Сәлімхан Сәбитов жүлделі үшінші орынды жеңіп алып, облысымыздың абыройын асқақтатты.

Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті өздерінің жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жазған ғылыми жобаларын ұсыныпты. Жерлесіміз “Облыстық газеттер тілшілерінің журналистикаға қосқан үлесі” тақырыбы аясында облыстық “Северный Казахстан” газетінің тарихын, онда әр жылдарда қызмет еткен тілшілердің шығармашылығын, сондай-ақ, журналистиканың бірқатар талдамалы жанрларын зерттеген екен.

– Бұл ғылыми жұмысты жазуда көп іздендім. Газеттің тарихын ақтардым. Қазақ отбасында өсіп, тәрбиеленген соң орыс тілінде ғылыми жұмыс жазудың қиынға соққаны да жасырын емес. Бұл жеңісімді еңбегімнің нәтижесі деп білемін, – дейді Сәлімхан.

Сәлімхан бүгінде “АРДОС-жүрек” мүгедектер қоғамдық бірлестігінде жұмыс істейді.

(Өз тілшіміз).

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp