«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘН КӨРМЕСІНДЕ — ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР

Облыс орталығында ерекше көрме өтті. “Fashion dais”, яғни “Сән күні” деп аталған көрмеде отандық сән әлемінде ойып орын алған белгілі дизайнерлер мен кәсібін енді ашқан сала мамандарының өнімдері ұсынылды.“Отандық өнімді сатып ал!” ұранымен өткен көрме облыстық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылып, үш күнге созылды.

Көрме “Pop up shop”, яғни уақытша сауда орны жүйесінде өтті. Уақытша сауда алаңы “Эмират” мейрамханасында ұйымдастырылды. Онда киім-кешектің, зергерлік бұйымдар мен өзге де тауарлардың түр-түрі ұсынылды. Алматы мен Астана қалаларынан келген киім дизайнерлеріне өңірлік қолөнершілер де қосылды. Жоба менеджері Әсем Қасымованың айтуынша, шараға 30-ға жуық тауар өндірушілер қатысты. Солардың бірі – қызылжарлық Талғат Қожахметов. Жас кәсіпкер “Tuning.kz” атты белгімен автокөлік жабдықтарын сатумен айналысып келеді. Облыс нарығында осыдан 5 жыл бұрын ашылған іс “Қожахметов Р.С.” жеке кәсіпкерлігіне тиесілі. Өткен жылдан бері автокөлікке арналған тыстарды өздері тіге бастаған.

Қолөнерді кәсіп еткен қызылжарлық зергерлер Диляра Сабыр, Мәдина Рамазанова, Әйгерім Қазбекова аталмыш көрме шағын кәсіп иелерінің істерін дөңгелетуге жол ашады деп есептейді.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp