«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ

Петропавлдықтар «Колизей» деп атап кеткен облыс орталығындағы Театр көшесінде орналасқан  сәулет ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары биыл басталмақшы.

30 жылдай жеке меншік қолда  болған  бір кездегі әсем ғимарат қамқорлық көрмей, біртіндеп  бүлініп, қаңғыбастардың мекеніне айналған болатын. Оны  сатып алған жергілікті кәсіпкер Андрей Исаковтың айтуынша, алматылық компания ғимараттың эскиздік жобасын жасап бітіріпті. Тағы бірқатар құжаттар әзірленуде екен. Үйдің алдыңғы бөлігі мен бірінші қабатын жөндеуді аяқтау алдағы 2020 жылдың орта шеніне жоспарланған. Ғимарат  2021 жылы толық қалпына келтірілмекші.    

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp