Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша Айыртау ауданының әкімі Бейбіт Исманов пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Мұхамедиевке – сөгіс, ал Жамбыл ауданының әкімі Мұратбек Әбішевке қатаң сөгіс жариялады.