«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӨЗДІҢ КИЕСІН СЕЗІНДІМ

Есейгенде қанатымен су себер қарлығаштай, қо­ғамға пайдасы болар қызметтің тізгінін ұстасам деп ар­ма­ндайтынмы

н. “Адам өміріне араша болатын ақ ха­латты абзал жандардың қатарынан табылсам ба, әл­де ел игілігін үстем етер ғалым болсам ба екен?!” дей­­тін едім. Бала қиял, жүйрік еді-ау… Қолыма алғаш қа­­лам ұстатқан ұстаздарыма тәнті болып, бола­шақ­­та шәкірт тәрбиелеуге тас түйініп, арман жете­гінде Ал­маты қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетіне құжат тапсырғаным да есімд­е. Алайда, жүрегімнің қалауы ұлт мұраты жо­лында жүрген журналистермен бірге қоғамның игілігі үшін еңбек ету екенін туған өңірімдегі абыз басы­лымның табалдырығын аттағанымда анық ұқтым.

Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қош­­ке Кемеңгеров сияқты Алаштың ардақ­тылары іргесін қалап, қызмет еткен ғимараттың ішіне имене кіріп, редакция ішінде ілініп тұрған сар­ғайған суреттерді, шығармашылық ұжым­ның бүгінгі тынысы бейнеленген қабырғаны қа­рап шыққаным сол еді, ішкі толқынысым, тіпті, кү­ше­йе түсті. “Тәжірибем жоқ, білімім де басқа, ада­сып жүрмін-ау?”. Бірнеше секунд ішінде бұлқынған ой-сезім­дерді бұ­ғауладым да, директордың кабинетіне кіріп, өз өтінішімді айттым. Осылайша, үш ұйық­та­сам да түсіме кірмеген абыз басылымда ең­бек ететін болдым. “Soltústik Qazaqstan” газеті келешекке деген арманмақ-сатымды түбегейлі өзгертті .
Редакцияда жұмыс істеу барысында қалам ұстаған қауым мен ақпарат сүзген қаламгердің алдына қалың әлеуметтің сауатын көтерумен қатар, қоғам санасына әсер етіп, ұлт сапасын жақсарту міндеті жүктелетінін білдім. Бір таң­ғал­ғаным – жұмыстағылардың дені өзім сияқты жас қыздар, “бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп” отырған келіншектер екен. Ша­ңырақтың жылуын сақтап, қызу жұмыстың көрі­гінде қайнаған олар парызы мен міндетін қалай қа­тар алып жүр екен деген ой да жиі мазалай­тын. Уақыт өте келе, бұлай еңбек ету үшін әр адам өз қызметін сүйіп, зор қызығушылықпен, ізденіспен жұмыс істеуі керектігін түсіндім.
Маған жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық, қоғамда тыйылмай тұрған заң бұзушылық тақы­рыптарына қалам тербеп, жастар арасындағы маңызды мәселелерді толықтай қамту міндет­тел­ді. “Көз қорқақ, қол батыр” демекші, бұл ма­ман­дықтың қыр-сырын меңгеріп, газеттің оқыр­мандары зор қызығушылықпен оқитын қызық­ты, мәнді мақалалар жазамын деген мақсат қой­дым. Осылайша, күннен-күнге үйренгенім де, біл­генім де арта түсті. “Білгенім бір тоғыз, біл­мей­тінім тоқсан тоғыз” дегенің осы екен. Өйт­кені, бұл салада қырық жылдан астам қызмет ет­кен қаламгерлердің, ардагер журналистердің әлі күнге ізденіп, мақала жазып жүргенін көр­генде тәулік бойы ойланғаным өмір бойы жал­ғасатынын түсіндім.
Осылайша, тағдырдың тартуымен журна­лист болғаныма еш өкінбеймін. Себебі, “Soltús­tik Qazaqstan” газеті арқылы сөздің киесі мен қа­сиетін сезіндім…

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,
“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp