С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада сирек кездесетін кітаптар көрмесі өтті. Көрме сөресінен шын мәнінде баға жетпес қазынадай құнды кітаптар қойылыпты. Олардың көбі сонау XVIII ғасырда жарық көрген.
Аталмыш кітапхананың анықтама-библиография бөлімінің жетекшісі Юлия Пискунова:
– Көрмеге келушілер назарына 200-ден астам сирек кездесетін туындылар ұсынылды. Ескі еңбектерді қарап отырып, кей деректерге таңғалдық. Сол замандағы жазушылардың, ақындардың шығармаларымен, өлеңдерімен танысып, ерекше әсер алдық, – дейді.
Сирек кітаптардың арасынан ислам діні жайлы 15-тен астам туындыны кездестіруге болады. Олардың қатарында 1883 жылы Қазан қаласында басылған Құран да бар.
Байболат ҚҰЛТАНОВ.