Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Табиғатқа көмектесу қажет” атты экологиялық викторина өтті.
Оған Петропавл қаласындағы №13 орта мектептің 1 және 2-ші сынып оқушылары қатысты. Қызықты әрі тартымды шара барысында балалар жәндіктер, жануарлар және балықтар туралы жұмбақтарды шешуден сынға түсті. Ал Орман-шал кейпіндегі кітапхана қызметкері жас толқынды дене шынықтыру жаттығуларына үйретіп, “Я познаю мир” және “Книга знаний, вопросов и ответов” атты кітаптармен таныстырды.