«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАБИҒАТҚА ТӘНТІ ЖАСТАР

Петропавл қаласындағы “Жас натуралистер стансасы” МКҚК-сы өзінің 65 жылдық тарихында қаншама жас жеткіншектің санасына тылсым табиғаттың тіршілігін түсіну, сүю, құрметтеу қағидаттарын сіңіріп, еңбекке баулып келеді. Стансада 8 үйірме жұмыс істейді. Ұжымда 27 адам еңбек етеді, облыс орталығының 735 жас жеткіншегі стансаның мүшесі болып табылады.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында жас натуралистер стансасында мерекеге орайластырылған шара өткізілді. Жиналған оқушылар түрлі ұлттық киімдер киіп, этностардың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарынан көрсетілімдер ұсынды. Наурыз мерекесіне арналған өлеңдерді оқып, түрлі ойындар ойнап, көңілдерін көтерді. Бұл шараға облыс орталығындағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің ұжымы белсене атсалысты.  

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp