Облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері 19 әкімшілік заңсыздық пен бір қылмыстық істі әшкереледі. Оның ішінде маралды атқан адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Рейд жасау кезінде полиция қызметкерлері Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полудино ауылының тұрғынын заңсыз балық аулап жатқанда, ал Половинное көлінде тағы бір балықшы мұзға ойық жасау үстінде ұсталды. Қолдарында рұқсат қағаздары жоқ пайдакүнем балықшыларға 10 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынды. Жамбылдық үш жас тұрғын аңшылыққа рұқсат үшін төленетін 3964 теңге мемлекеттік баж салығын өтемей, “жорыққа” шыққан. Заңсыз әрекеттері үшін енді олардың әрқайсысы 9910 теңгедей айыппұл төлейді.
Облыс аумағында мемлекеттік ұлттық табиғат саябағы, алты қорық және 16 табиғи ескерткіш бар. Олардың барлығы бақылауға алынған. Өткен жылы облыстық полиция қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасына қайшы келетін 688 әкімшілік заң бұзушылықты және 10 қылмыстық істі әшкереледі. Ол заңсыздықтардың 255-сі – балық аулау, 381-і – аңшылық және 51-і ағаш кесу фактілері болды.
Ольга ШИЯН,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз
қызметінің инспекторы.