«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тауар нарығындағы бағаның алыпсатарлық өсуіне жол бермеу туралы кәсіпкерлік субъектілеріне бірлескен Үндеуі

Алыпсатарлық баға тәуекелі ең алдымен бірінші қажеттіліктегі күнбе-күн тұтынатын азық-түлік тауарларына, жоғары тұтынушылық сұранысқа ие (автомобильдер, ұйымдық техника, тұрмыстық химия заттары және т.б.), сондай-ақ, мультипликативтік әсері бар азық-түлік емес тауарларға (мұнай өнімдері, тауарлық және сұйытылған газ, көмір, мазут және т.б.) қалыптасқан жағдайда, монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілері бойынша тексеруді бастауға құқылы.

Сонымен, тексеруді бастауға нарық субъектілерінің мынадай алыпсатарлық (немесе үстем жағдайды теріс пайдалану) фактілері жағдай жасауы мүмкін:  

– монополиялық жоғары бағаны белгілеу;

– өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде сұранысқа ие тауарларды өндiру және өткізу бойынша негізсіз шектеу енгізу;

– тауарды өнім айналымынан алып қою арқылы нарықта жасанды тапшылық жасау (“Бәсекелестік туралы” ҚР Заңының 13-бабы).

Сондай-ақ:

– тауарларды сатып алу немесе өткізу бағасын, не басқа шарттарын белгiлеу және (немесе) қолдау;

– тауарларды өндіру мен өткізуді негізсіз шектеу (“Бәсекелестік туралы” ҚР Заңының 10-11-баптары) бойынша нарық субъектілерінің келісімдеріне және (немесе) келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.

Мұндай іс-әрекеттерді жасау барлық монополиялық табысты тәркілеп (ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы) 3%-дан 5%-ға дейін айналым айыппұлын салуға әкеліп соғады.

Бұдан басқа, аталған бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 221-бабы) көзделген.

Сонымен қатар, монополияға қарсы тексеруге жол бермеу үшін ескертілетін ықпал ету шараларын қолдану кезеңінде нарық субъектілерін өз қызметінде негізделген баға және сауда саясатын жүргізіп, қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес, объективті мән-жайларды, оның ішінде:

– өнім қалдықтарының (қорының) бар болуы;

– өнімді өндірудің өзіндік құнының немесе сатып алу құнының өзгермейтіндігі;

– өткізілетін өнімнің артуы өнімнің өзіндік құнының, не өнімнің сатып алу құнының артуына пропорционалды болуы (мысалы, сатып алу не өзіндік құн бар болғаны 5%-ға ұлғайған кезде тауарды өткізу бағасының 20%-ға негізсіз ұлғаюы).

Монополияға қарсы органның қызметкерлері әкімдіктер жанынан құрылған бағанды бақылау бойынша жедел штабтардың құрамына кірді, қалыптасқан жағдайда олар белсенді рөл атқаратын болады.

Тексеруден басқа, монополияға қарсы орган негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына күн сайын мониторинг жүргізетін болады.

Бағаның күрт өсу фактілері бойынша ҚР ҰЭМ ТМР ж БҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 50-20-63, 50-20-62 сенім телефондары арқылы хабарласуға, сондай-ақ, ресми өтініштермен жүгінуге болатынын азаматтарға хабарлаймыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp