«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАБЫСҚА ЖОЛ

Облыстық кәсіпкерлер палатасында өңір студенттерінің бизнес-жоспарлары сараланған “Табысқа жол” атты байқау өтті. Өткен жылдан бастап пилоттық жоба ретінде қолға алынған шараның басты мақсаты – жастардың жеке кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктерін арттыруға жол ашу.

Шараны ұйымдастырушылдардың бірі – облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Евгений Мамыкиннің айтуынша, тұсауы кесілгеніне бір жылдың ғана жүзі болған жоба бүгінде өз жемісін беріп келеді. Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беретін он бір арнаулы оқу орнында ашылған бөлімшелердегі жобаның қыр-сырына қанығушылардың саны артқан.  

Байқауға қатысуға отызға тарта үміткер ниет білдірді. Алайда, “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” шыққан жеті жұмыс таңдалып алынды. Олардың қатарында оқу залында студенттерді тамақтандыратын асхана, құс фабрикасы, жұмыртқа өндірісін қолға алып, жандандыру сынды жобалар бар. Ақтық сынға жолдама алған жобаларды “Барс-Хорд” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Владимир Богданов, “BP Analitucs” ЖШС-нің маманы Болат Қажрахимов бағалады.

Байқау қорытындысында тауық еті өндірісін ашу жобасын таныстырған Есіл ауданындағы Петровка аграрлық-техникалық колледжінің студенті Жадыра Бейсенбаева жеңімпаз деп танылды.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp