«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЗАЛЫҚ — ТӘРБИЕНІҢ БАСЫ

Көптен күткен жаз келіп, дала түрленіп, айнала жасыл желекке оранды. Жанды жадыратар осындай тамаша көрініс көңілді көтереді. Бірақ қыстан қалып, әр жерде шашылып жатқан қоқыстарды көргенде қуанышың су сепкендей басылады. Осындай олқылықтардың алдын алу үшін белсенді жастар ормандардың ішін жинап, қалдықтардан тазартты.

– Бұл акцияны облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен өткіздік. Оған облыс оралығындағы барлық колледждің студенттері қатысты, – деді “Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалы төрағасының орынбасары Виталий Шеминг.

Бір жүзге жуық студент қатысқан акцияның нәтижесі бойынша, ең көп қоқыс жинап, табиғатты тазалауға өзіндік үлес қосқан жастарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp