«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЗА АУЫЗСУ — ӘР ҮЙГЕ

Қызылжар өңірінде 88 ауылды орталықтандырылған тіршілік көзімен қамтитын 4 сорғы стансасы пайдалануға берілді. Тайынша ауданында өткен топтық су құбырлары мен ауылішілік су желілерін іске қосу салтанатты рәсіміне Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Үкіметтің қолдауының, Су ресурстары және ирригация министрлігінің жергілікті ат­қарушы органдармен бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асқан жоба өңір үшін аса маңызды.

– Өңірімізде сумен жабдықтау саласындағы жобаларды іске асыруға 74 миллиард теңге­ден астам қаражат бөлінді, оның ішінде 45 миллиард теңгесі қайтарылған активтер есебі­нен қарастырылды», – деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Таза сумен қамтамасыз етілген елді мекен­дердің 19-ы – Айыртау, 5-уі – Шал ақын, қал­ғандары Ақжар, Тайынша аудандарында орна­ласқан. Сорғы стансалары Көкшетау және Булаев топтық су құбырларына қосылған. Тұ­тастай алғанда, төрт ауданның 22 мыңнан ас­там тұрғыны орталықтандырылған сумен қам­тамасыз етілді. Айта кету керек, бұл елді ме­кендердің көпшілігі алғаш рет таза ауызсуға қол жеткізіп отыр. Бұдан бөлек, 9 ауданда 46 кешенді блок-модуль орнатылып, 37 орталық­тандырылған су жабдықтау нысаны салынуда, бұл ауызсудың сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда өңір бойынша ауылдық елді мекендердің 97 пайы­зы таза су тұтынады.

Министр Нұржан Нұржігітов 2050 жылға дейін еліміздің барлық ауылдарын сапалы ауызсумен қамту талабы тұрғанын, бұл міндет теріскей өңірлерде жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, Булаев топтық су құбырын реконструкциялау және Тайынша ауданының ауылдық елді мекендеріне су құ­бырлары мен тармақтарын салу жұмыстары аяқталды. 13 ауылға жалпы ұзындығы 170 ша­қырым болатын су құбырлары салынды, со­нымен қатар сорғы стансасы іске қосылды. Булаев топтық су құбырын реконструкциялау және Ақжар ауданының ауылдық елді мекен­деріне су құбырларын тарту жобасы аяқталды. 5 ауылға жалпы ұзындығы 123,2 шақырым бо­латын тарату желісі салынды. Көкшетау топ­тық су құбырына қосылатын желінің құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның аясында Шал ақын және Айыртау аудандарының 24 ауылы­на жалпы ұзындығы 220 шақырым құбыр са­лынды.

Жұмыс сапары аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петро­павл қаласының маңайы және Қызылжар ау­данындағы қорғаныс бөгеттерінің құрылысы­мен танысып, елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған қайта жаңғырту іс-шараларының барысын бақылады.

Ойқаладағы бөгет әзір, Былғары зауыты шағынауданындағы құрылыс жұмыстары аяқ­талуға жақын. Тепличное елді мекенінде қо­йылған қорғаныс бөгеті былтырғы көктемгі су тасқыны кезінде қатты зақымданған болатын. Осы күні қалпына келтіріліп жатқан бөгеттің ұзындығы – 5 шақырым, биіктігі – 7,5 метр. Жоба құны – 3,5 млрд.теңге.

«Су ресурстары және ирригация ми­нистрлігі өткен жылғы көктемгі су тасқыны­ның алдын алу үшін «Қазсушар» кәсіпорнына қарасты филиалдардан 84 техника жұмылдырған болатын. Осылайша тасқын салдары аза­йып, су өткізу жылдамдығы арттырылды. Қосымша сыйымдылықтар есебінен жиналатын су мөлшері көбейтілді», – деген министр қа­былданып жатқан іс-шаралар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Жауапты мамандарға жағдайды ұда­йы бақылауда ұстау жүктелді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Soltüstık Qazaqstan» .

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp