Биылғы жылы Қызылжар өңірінде 38 елді мекенге су тартылды.
Осылайша, 25 мыңдай ауыл-село тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді. Алдағы жылы бұл мақсатқа облыс бойынша 9,6 млрд.теңге қаражат бөлінбекші. Бұл өңірдегі 29 елді мекенді орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.