«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТАЗА ЖАҒАЛАУ” АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері жыл сайын өңірімізде “Таза жағалау” акциясын өткізуде. Бұл шараға балық өсіретін су қоймаларының иелері, еңбек ұжымдары, білім орындары мен тұрғындар қатысуда.

– Акцияның басты мақсаты Есіл өзенінің жағалауын, көлдерді балықшылар қалдырып кеткен аулардан, қоқыс қалдықтарынан тазарту болып табылады. Осы шараға табиғатты қорғауға сүбелі үлесін қосқысы келетін өңіріміздің әрбір тұрғыны, әр мекемесі және кәсіпорны қатыса алатынын айта кету қажет, – дейді облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Аманжол Қажғалиев.

1 мамыр күні бастау алған акция айдың соңына дейін жалғасатын болады.

(Сурет yandex.kz сайтынан алынды)

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp