«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙЛАНДТАН КЕЛГЕН ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДАН КОРОНОВИРУС ТАБЫЛҒАН ЖОҚ

Тайландта дем алып келген петропавлдық отбасыдан коронавирустың белгілері байқалып, олар ауруханаға түсті. Петропавлда әлеуметтік желілерде бет-аузын тұмшалап, ерекше киінген медицина қызметкерлерінің екі «жедел жәрдем» көлігіне адамдарды отырғызып жатқаны туралы бейнеролик тарап кетті. 

Осы бейнежазбаға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді. «Ерлі-зайыпты екі баласымен Тайландтан дене қызуы көтеріліп, ауырып келген. Отбасының барлық мүшелерін қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне коронавирус жұқтырды деген күдікпен жатқыздық. Зерттеу мен зертханалық талдау барысында біздің күдігіміз расталмады. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада медициналық қызметкерлер тиісті әрекет ету алгоритмі бойынша жұмыс істеді», — делінген ресми ақпаратта. Қазіргі уақытта ер адам қалалық ауруханалардың бірінде, ал оның жұбайы мен 3 және 7 жастағы екі баласымен облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, науқастар тұмау жұқтырған. Жағдайлары ауыр, әзірше дене қызуы түскен жоқ.

 https://www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp