«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тайсонмен төбелеспек

Кәсіпқой бокстың аңызға ай­налған қос тарланы шаршы алаң­да кездесуі мүмкін. Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұ­рынғы чемпионы Майк Тайсон мен оның отандасы, кезінде бес салмақ дәрежесінде чем­пион болған кіші Рой Джонс қайтадан былғары қолғап­та­рын киіп, жұдырықтасып көр­мек­ші. Қазір екі тарап келісім жүргізіп жатқан көрінеді. Бокс кеші АҚШ-та алдағы қыр­күйек­те өтіп қалуы мүмкін.

“Спорт-Экспресс”-ке сұхбат берген Рой Джонс мұндай ұсы­ныс түскен кезде көп ойлан­бастан келіскенін жеткізді. 51 жастағы боксшы үлкен спортқа қайтып оралу жайлы бұған де­йін ойламаған да екен. Алай­да, “темір Тайсонмен” жұды­рық­тасу үшін былғары қолға­бын қайтадан кимекші. Ол соң­ғы жекпе-жегін 2018 жылы Скотт Сигмонмен өткізіп, төре­шілер шешімімен жеңген.

Ал атақты Тайсон кәсіпқой рингке соңғы рет 2005 жылы шы­ғып, Кевин Макбрайдқа ұты­лып қалғаны белгілі. Осы жаз­да 54-ке толған спортшы кө­рер­мендерін қуанышқа бө­леу үшін рингке қайтып оралған болатын.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Сурет sport-express.ru сайтынан

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp