«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙЫНШАДАҒЫ ИГІ ІСТЕР

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов Тайынша ауданына жұмыс сапары барысында Ильичевка селосына барды, сондай-ақ, Амандық селолық округiнiң тұрғындарымен кездестi.

Жиналғандарды Тәуелсiздiктiң 25 жылдығымен құттықтаған өңiр басшысы егемендiктiң алғашқы жылдарында экономикалық және әлеуметтiк дағдарысты болдырмау үшiн маңызды шешiмдер қабылданғанын атап өттi.

-Тәуелсiздiк жылдарында әлеуметтiк сала бойынша облыстың елдi мекендерiнде көптеген мәселелер шешiмiн тауып, ауқымды iстер жүзеге асырылды. Жиырма бес жылда аудан тарихы маңызды оқиғаларға, жаңа жобаларға толығып, жеңiстi жолдан өттi. Ауыл жұртшылығының тәуелсiз жас мемлекетiмiздiң бүгiнгiдей биiк деңгейге көтерiлiп, Елбасы жүктеген мерейлi мiндеттердi абыроймен iске асыруға қосып келе жатқан үлестерi зор, — дедi Ерiк Сұлтанов.

Облыс әкiмi «Тайынша-Май» ЖШС жаңа кәсiпорынының даму болашағы туралы айтып өттi. Қытай инвесторларымен бiрлескен жоба Ильичевка селосында жүзеге асырылуда. Майлы дақылдарды өңдеу зауыты жақын арада іске қосылмақ. Зауыт жылына 300 тонна шикiзат өңдейтiн болады. Бұдан бөлек, мұнда экспортқа бейiмделген өнiм шығарылмақ. Аталған өндiрiс iске қосылған соң, жергiлiктi халық жұмыспен қамтылады.

Облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан елеулi үлесi, қоғамдық өмiрге белсене араласқаны үшiн және Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеуге байланысты облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасымен Аймақ негiзгi мектебiнiң директоры Сақыш Әлиева марапатталса, тағы екi ауыл тұрғынына Алғыс хат табысталды.  

Бүгiнгi таңда Амандық селолық округiнiң 4 елді мекенiнде 1600-ден астам адам тұрады. Кездесу барысында тұрғындар өңiр басшысына өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын бiлдiре алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp