Петропавл қалалық Мәдениет және демалыс саябағында облыстық “Ақша қар” спартакиадасының аясында спорттық бағдарлаудан сайыс өз мәресіне жетті. Додаға қатысуға ниет білдірген 7 құрама команда, 70 балғын спортшылар бәсекеге түсті.
Бәсекелі жарыстың қорытындысы бойынша өз топтарында Алексей Лукаш (Қызылжар ауд.), Дарья Налобина (Петропавл қ.), Станислав Гуранский (Тайынша ауд.), Анастасия Выходцева (Мағжан Жұмабаев ауд.), Данил Десятов (Қызылжар ауд.), Татьяна Дрозд (Тайынша ауд.), Артем Ольшицкий (Тайынша ауд.), Никита Дрозд (Тайынша ауд.), Вера Молчанова (Шал ақын ауд.), Дмитрий Чеховский (Тайынша ауд.) және Александра Бондаренко (Шал ақын ауд.) жеңімпаз атанды.
Жалпыкомандалық бірінші орын Тайынша ауданы құрама командасына бұйырды.
(Өз тілшіміз).