«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙЫНШАЛЫҚТАР ОҚ БОЙЫ ОЗЫҚ

Тайынша қаласында өткен 45-ші облыстық жазғы «Ақбидай» спарта­киадасы биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар­ға ерекше әсер сыйлады. Ашылу салтанатындағы театрландырыл­ған көріністер мен өнер ұжымда­рының концерттік бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шықты.

Ашылу рәсіміне облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, депутаттар, аудан әкімдері, ауылдықтар және спортшылар қатысты.

«Ақбидай» – бұл жай ғана жарыс емес, достық пен бірліктің, отансүйгіштік пен жі­гердің мерекесі. Кезінде дәл осындай алаңдардан басталған алғашқы жеңістер көптеген ауыл спортшыларын үлкен спорт жолына жетеледі.

Жазғы спорт мерекесі өңіріміздің ең үздік ауыл спортшыларын біріктіреді. Президент тапсырмасына сәй­кес, ауыл спортын дамыту, са­ламатты өмір салтын дәріптеу және бұқаралық спортты іл­герілету – басты басымдық­тардың бірі. Бұл ойындар – осы мақсаттарға жетудегі ма­ңызды қадам.

«Ақбидай» ойындары – нағыз тартысты бәсекенің ғана емес, сонымен бірге болашақ чемпиондардың жұлдызы жа­натын үлкен мүмкіндік алаңы. Барша қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілеймін!» – деді Ғауез Нұрмұхамбе­тов.

Биылғы жарысқа мыңға жуық спортшы қатысты. Әсі­ресе, 117 спортшымен келген Есіл ауданының командасы ерекше белсенділігімен көзге түсті. Спортшылар жарыс ба­рысында волейбол, жеңіл ат­летика, футбол және басқа да спорт түрлері бойынша бақ сынады.

Биыл 45-рет өткізіліп отыр­ған «Ақбидай» спартакиадасы алғаш рет 1980 жылы Мамлют ауданында ұйымдастырылған. «Бізді қуантатыны – ауыл спортшыларының көбеюі мен олар­дың белсенділігі. Соңғы жылда­ры сапа да, нәтиже де артты», – дейді спорт ардагері Бауыржан Құлжанов.

Биылғы «Ақбидай» спарта­киадасында Тайынша ауданы­ның командасы оқ бойы озық шығып жеңіске жетті. Екінші, үшінші орындарды Қызылжар мен Тимирязев аудандары бөлісті. Ал келесі жылы спорт­тық мереке Шал ақын ауда­нында өтеді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp