
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған алтыншы адам тіркелді. Ол Тайынша ауданының орталығы Тайынша қаласында тұратын 1983 жылы туған келіншек. Ол бұған дейін екінші науқаспен қарым-қатынас жасаған адам ретінде дәрігерлердің бақылауында болған. Қазір оның жағдайы тұрақты.