«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Такси қызметі қазақша сөйлейді

Жыл сайын Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында ұйымдастырылатын “Қазақша сөйлесейік” акциясы такси қызметі байланыс орталығының бөлімшесінде өтті.

Бұған дейін облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың мамандары аталмыш акцияны банк филиалдары мен емхана, вокзал сынды қоғаммен тығыз жұмыс істейтін мекемелерде өткізіп келген еді. Ал бұл жолғы мақсат – такси парктеріндегі диспетчерлік қызмет мамандарына мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді насихаттау.

2014 жылы құрылған такси қызметі байланыс орталығының Петропавлдағы бөлімшесінде 100-ден астам оператор жұмыс істейді. Олар халықаралық қызмет көрсету сервисінің және облыс орталығындағы бірнеше такси паркінің клиенттеріне қызмет көрсетеді. Бір ауысымда қызмет көрсететін 40 диспетчердің тек төртеуі ғана қазақ тілін еркін меңгерген. Осы орайда басқарма мамандары операторларға тілашарлар таратып, әдістемелік жұмыс жүргізді.

– Клиент қазақ тілінде тапсырыс берсе, бағдарламамыз оның таңдауын сақтап қалады. Келесі жолы сол клиенттен түскен қоңырау бірден қазақ тілін жетік меңгерген операторға бағытталады. Біздің ойымызша, Қазақстанда такси сервисін дамыту үшін екі тілде қызмет көрсету қажет, – дейді такси қызметі байланыс орталығының Петропавлдағы бөлімшесінің директоры Марина Литвинова.

Алина БІРЖАНОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp