«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАЙДЫ САН СОҚТЫРҒАН АЛАЯҚ – ҚАМАУДА

Петропавл қалалық полиция басқармасына алаяқтың әрекетінен зардап шеккен бірнеше ауыл тұрғыны жүгінді. Олар өздерінің атына несие ресімделгенін естіп, таң қалған.

Полицейлер олардың барлығын бір адам алдағанын анықтады. Ол Петропавлдағы «Океан» дүкені мен көтерме сауда орталығының маңында ауыл тұрғындарын бұрынғы танысы ретінде әңгімеге тартқан. «Туыстарының сырқаты», «құжаттарының жоғалғаны» секілді өтірікке сеніп қалған ауыл тұрғындары алаяққа есепшотындағы ақшаны алуы үшін өздерінің құжаттарын беруге оңай келіскен. Алаяқ алданған ауыл тұрғындарын «Кредитомат» фирмасының терминалдарына апарып, олардың атына жылдам несие ресімдеген. Фотоға түсу қажет болған кезде адамдарды автоматқа шақырып отырған. Жәбірленушілер бәрі де «Сreditomat.kz» компаниясы және терминалдарының жұмысынан хабарсыз. Олар қиын жағдайға тап болған адамға көмектестік деп ойлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде бұрын мүліктік қылмыстар жасап, бірнеше рет жауапқа тартылған 1981 жылғы Петропавл тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp