«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Талапты елемегендерге жаза

Ұсқынсыз қасбеттер, лас аулалар кез келген елді мекен­нің сыйқын бұзып қана қоймай, санитарлық жағдайға да әсер етеді. Жергілікті полиция қызметкерлері тұрғын­дармен, ПИК төрағаларымен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен, қоқыс жинауды жүзеге асыратын кәсіп­орын басшыларымен алдын алу жұмысын жүргізді.

Абаттандыру қағидаларына сәйкес аумақты жинау және таза ұстау бойынша уақтылы шара­лар қабылдануы тиіс. Елді ме­кен­дердің аумағын абаттандыру қағидаларын сақтамағаны, ин­фра­құрылым объектілерін бұз­ғаны, жасыл екпелерді бүлдірге­ні үшін жауапкершілік көзделген.

Петропавл қалалық полиция басқармасының учаскелік поли­ция инспекторлары тексеру ке­зін­де Промышленная, 7 мекен­жайы бойынша орналасқан жеке кәсіпкерлік нысандарының біріне жақын аумақта құрылыс материалдары қалдықтарының үйіндісін көрді. Елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұз­ғаны үшін кәсіпорын иесі 83 мың 340 теңге сомасында әкім­шілік айыппұл төледі. “Бұл шара бір­неше рет ескерту жасалған­нан кейін ғана қолданылады. Жыл басынан бері әкімшілік жа­уапкершілікке 6516 адам тар­тыл­ды, оның ішінде 137 ереже бұзушыға айыппұл салынды”, – дейді полиция подполковнигі Гри­горий Тыш.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp