«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАПҚА БАҒЫНБАҒАН

Өңір полицейлері бір аптаның ішінде карантин талаптары 138 рет бұзылғанын анықтады. Тәртіп бұ­зушылықтардың дені облыс орталығына тиесілі. Са­нитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бірқатар ны­сандар демалыс күндері жұмысын тоқтатуға тиіс бол­ғанымен, кей кәсіпкерлер бұл талапқа бағынбаған. Азық-түліктік емес тауарлар сататын бір дүкен жұ­мы­сын жалғастырғаны үшін оның иесіне қатысты “Әкім­шілік құқық бұзушылықтар туралы” кодекстің 425-ші бабы бойынша материал жиналды. Тыйымға құ­лақ аспаған екі дәмхана иесі айыппұл төлемек. Сонымен қатар киім-кешек сататын дүкеннің иесіне қатысты да іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары карантин талаптарын сақтамай­­­­­тын тұрғындарға қатысты жұмысты да күшейте түсті. Сырқаттануына байланысты оқшаулануға тиіс қала­лықтардың кейбіреуі тексеріс кезінде үйлерінде бол­май шыққан. Кей тұрғындардың көшеде бей-бере­кет жүргені, отбасылық мерекелер өткізгені анық­талды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Сурет azattyq-ruhy.kz сайтынан алынды

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp