«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАПҚА БАҒЫНБАҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Өңір полицейлері бір аптаның ішінде карантин талаптары 138 рет бұзылғанын анықтады. Тәртіп бұзушылықтардың дені облыс орталығына тиесілі. Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бірқатар нысандар демалыс күндері жұмысын тоқтатуға тиіс болғанымен, кей кәсіпкерлер бұл талапқа бағынбаған. Азық-түліктік емес тауарлар сататын бір дүкен жұмысын жалғастыра бергені үшін оның иесіне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 425-ші бабы бойынша материал жиналды. Сондай-ақ, саудасын қыз-қыз қайнатқан тағы екі қалалық та әкімшілік жауапкершлікке тартылды. Тыйымға құлақ аспаған екі дәмхана иесі айыппұл төлемек. Сонымен қатар, киім-кешек сататын дүкеннің иесіне қатысты да іс қозғалды.

 Тәртіп сақшылары карантин талаптарын сақтамайтын тұрғындарға қатысты жұмысты да күшейте түсті. Сырқаттануына байланысты оқшаулануға тиіс қалалықтардың кейбіреуі тексеріс кезінде үйлерінде болмай шықты. Кей тұрғындар көшеде бей-берекет жүргені, отбасылық мерекелер өткізгені анықталды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp