«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛПЫНЫСЫ ӨЗГЕГЕ ҮЛГІ

“Равная дорога” автомектебі” ЖШС-нің директоры Сәлімхан Сәбитов республикалық әлеуметтік жобалар байқауында үшінші орынға ие болды. Еліміздің түкпір-түкіпірінен жиналған 200-ден астам үміткердің арасынан суырылып шыққан жерлесіміздің жобасы бүгінде өз жемісін беруде.

 Сәлімхан өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көптен күткен арманын жүзеге асырып отыр. Оның серіктестігі жанында бір жылдан бері мұқтаж жандарға арналған автомектеп жұмыс істейді. Көліктердің газы мен тежегіш құралы тірек-қимыл дене мүшелері зақымдалған жүргізушілер үшін лайықты етіп жасалған. Бүгінде бұл білім орнын 20-ға жуық қала тұрғыны тамамдаған.
Автомектеп басшысы байқауда ұтып алған 500 мың теңге қаржысын жүргізушілікке оқығысы келетіндердің шәкіртақы қорына бағыттамақ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp