«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛПЫНҒАН ЖЕТЕР ТАБЫСҚА

Өңірімізде соңғы уақытта кәсіппен айналысатын қыз-келіншектердің қатары артып, бизнестегі басқарушы әйелдердің үлесі қырық пайызға жеткен. Өңір экономикасының дамуына өз үлесін қосып отырғандардың қатарында Рәшида Темірбекова да бар.

Рәшида Мағжанқызы еліміз тә­уелсіз­дік алған бой­да алғашқы­лар­дың бірі болып бизнеске бет бұрды. Сол уақыттан бері талай қиын­дық­тар­­ды еңсерді. Бүгінгі таңда ол кәсіпкерлікпен қа­тар ау­данда­ғы қоғамдық істердің ұйыт­қысы бо­лып, қайрымдылық жа­сау­ға да ден қойған. Аз қамтыл­ған отбасы­лар мен мұқтаж жандар­дың тізі­мін жасап, оларға қол ұшын созуға бел буыпты. “Аудан­да төрт жүз­ден астам аз қам­тыл­ған отбасы бар. Әсіресе, көп­балалы отбасыларды назардан тыс қалдырмауға тырысамыз. Мы­­са­л­ы, дүкенімізде арнайы сө­ре­­лер құрып, тауар­ларымызды ар­зан бағамен сатуды қолға ал­дық. Оқу жылы алдында әр отбасына қар­жылай көмек беруді игі дәстүрге айналдырдық. Сондай-ақ, ­айту­лы мерекелер кезін­де үй-үйді аралап, балаларға сыйлық­тар та­ратамыз. Жалғызбасты қа­риялар мен мүм­кіндігі шектеулі жан­дар үшін сауда нүктеле­­рінде түрлі же­ңілдіктер қарастырыл­ған”, – дей­ді Рәшида Темірбеко­ва.
Жеке кәсіпкердің мұндай кө­мегіне аудан орталығындағы бі­лім ордаларының ұстаздары мен оқушылары дән риза. “Мен 1994 жылы тәуекелге бел буып, биз­неспен айналысуға ден қой­дым. Экономика тұралап қалған кез ғой, жоқшылықтың кесі­рі­нен жұрт көшеге шығып, үйдегі заттарын сатуға мәжбүр болды. Ел ішінде жұмыссыздық орын алып, әркім өз бетінше күнкөріс­тің қамы­мен жү­гірді. Осындай қиын кезең әйел­дерге де үлкен жүк артты, олар ерлермен бірге от­басын асы­раудың қамына кірісті. Ал­ғаш­қыда осы ісімнен бірдеңе шыға ма деп күмәндандым, бірақ табан­ды­лық пен қайсарлықтың арқа­сында қиындықтарды еңсе­ре біл­дім”, – дейді кәсіпкер.
Бүгінгі күні Рәшида Темірбеко­ва басқарып отырған “Нұр” кө­тер­ме-бөлшек сауда-кешені ау­данда­ғы ірі кәсіпорындардың бі­ріне айна­лып отыр. Кәсіпкер Уә­лиха­нов ауданындағы наубайха­на мен дәмханада және жабық ба­зарда 50-ге жуық адамды жұмыс­пен қамты­ған. Сондай-ақ, басқа кә­сіпкерлерге бөлшек сауда ала­ңын жалға беріп, сенімді серіктес­термен, зауыттармен және кәсіпкер­лермен ұзақмерзімді келісім­шарттар жасасқан.
Рәшида Темірбекова білгенін жас кәсіп­керлерге үйретіп, өз тәжі­рибе­сімен бөлісуде. Тамыз айын­да “Атамекен” ұлттық кәсіп­керлер палатасы Іскер әйелдер ке­ңе­сінің бесінші конгресіне қатысып, “Бизнесті дамыту те­тіктері” та­­қы­рыбында баяндама жасады. Об­лыстық Іскер әйелдер кеңесі­нің белсенді мү­шесі, табысты жер­лесіміз көпжылғы еңбе­гі үшін “Атамекен” Ұлттық кәсіп­керлер палатасы төралқасының төраға­сы Т.Құлы­баевтың Алғыс ха­тымен марапатталды. Кә­сіп­кер­дің облысымыздың әлеумет­тік-эконо­микалық дамуына қос­қан ең­бегі де елеусіз қал­ған жоқ. Ол “Ас­та­наға 10 жыл”, “Қазақстан Респуб­­лика­сының Тәуелсіздігіне 20 жыл”, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіз­дігіне 25 жыл” ме­рейтойлық медальдарымен, “BIRINSHI” төсбелгісімен, “Ең үз­дік кәсіпкер әйел”, “Парыз” кон­курстарының дипломдары­мен ма­рапатталған. “Жақын адам­дар­дың қол­дауынсыз, сүйіспенші­лігі мен ықыласынсыз бизнес­тің қиын­дығына төзіп, бәсекелес­те­­ріңнің алды болу мүмкін емес. Үлкен табыстарға қол жеткізсем де, мен үшін отбасым, балала­рым мен немерелерім бәрінен де қымбат”, – дейді Рәшида Мағжан­қызы.
Бүгінде әйел – тек отбасы­ның береке-бірлігін ойлайтын адам ғана емес, ол соны­мен қа­тар мемлекеттің маңызды мә­селеле­ріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сон­дықтан біздің елде әйелдің қоғамдық бе­лсен­ділігіне айрықша көңіл бөлініп, бі­лімді де білікті қыз-келіншектерге зор мүмкіндік берілуде. Кәсіпкер­лік саласында ерлермен иық тіресе жұмыс істеп жүрген Рәшида Те­мірбекова сынды қыз-келіншек­тердің қатары толыға түскен са­йын еліміздің де биік шың­дарды бағындырары айқын.

Зурәш АХМЕТОВА,
облыстық мәслихаттың баспасөз қызметінің маманы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp