«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАМАША ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан әлем кубогының бір кезеңінде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген конькимен сырғанаушы жерлесіміз Роман Кречке құттықтау жеделхатын жолдады.

“Солтүстікқазақстандықтардың және өзімнің жеке атымнан коньки спортынан әлем кубогындағы “А” дивизионының кезеңінде 500 метр қашықтыққа сырғанаудағы тамаша жеңісіңізбен құттықтаймын!

Бұл жарыста Сіз тамаша даярлығыңызды, ұстамдылығыңызды, өр мінезіңізді және жеңіске деген жігеріңізді көрсете білдіңіз. Мақсатқа талпынушылық пен ержүректілігіңіз Сізге мықты қарсыластарыңыздан оқ бойы озық болуға мүмкіндік берді.

Сіздің жеңісіңіз солтүстікқазақстандық коньки спортының тарихындағы елеулі оқиға болды”, – делінген жеделхатта.

Ерік Хамзаұлы жерлесіміз Роман Кречке мықты денсаулық, бақ-береке және спортта жаңа жеңістер тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp