«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тамақтану орындары жұмысын бастайды

Өңірде коронавирус ин­фекциясын жұқтырған­дар­дың жалпы саны – 4039 адам. Олардың 62 пайы­зында ауру симптомдары анықталды. Жалпы, 3918 науқас емделіп, ауруха­надан шықты. Өкінішке қа­рай, 20 адам қауіпті індет­тен көз жұмды. Бұл тура­лы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет­тердің сапасы мен қауіп­сіздігін бақылау департа­ментінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Баспасөз мәслихатында баяндама жасаған ведомство басшысы Серікбай Қасма­қасов соңғы уақытта өңірде ауру жұқтыру көрсеткіші тө­мендегенін жеткізді. Сондықтан коронавирус көрсеткішінің оң қарқыны карантин шара­ларын жеңілдетуге мүмкіндік беруде.

– Қыркүйектің 18-інен бас­тап облыста санитарлық-де­зинфекциялық шараларды қа­таң сақтай отырып, бірқатар нысандардың жұмысы қайта жанданады. Мәселен, са­ни­тариялық нормаларға сәйкес­тік актісі бар театрлар, ойын-сауық орталықтары және сауда үйлеріндегі қоғамдық та­мақтану нысандарына жұмы­сын бастауға рұқсат беріледі. Яғни, олар дүйсенбі-жұма күндері аралығында таңғы 9.00-ден кешкі 23.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бұл орайда сақтық шаралары қатаң сақталып, медициналық бетперде киіліп, әлеуметтік арақашықтық талапқа сай болуы тиіс. Келушілер саны 50 адамнан аспауы тиіс, – дейді Серікбай Қасмақасов.

Баяндамашының айтуын­ша, дүйсенбі-жұма күндері тұр­ғындарға қызмет көрсеткен сауда-ойын-сауық орта­лық­тары, сауда орталықтары жә­не сауда үйлері демалыс күндері жұмыстарын тоқтатуға міндетті. Бұл жолғы қаулының басты жаңалығы – ұжым қыз­меткерлерінің саны 30-дан асатын мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор ор­гандары, ұлттық компаниялар мен кәсіпкерлік субъектіле­ріне жеңілдіктер жасалды. Қызметкерлердің 50 пайызы жұмысқа шығатын болса, қал­ғандары қашықтықтан жұмыс жүргізуді жалғастырады.

Өңір тұрғындарының тәртіп сақтауы мен шектеу шара­ла­рының нәтижесінде қауіпті ін­дет жұқтыру көрсеткіші төмен­деген. Бірақ шектеу шара­ла­рының жеңілдетілуі арқаны кең­ге салу деген сөз емес. Баспасөз мәслихатының соңында об­лыстың бас дәрігері барлық қызмет көрсету орындарында тазалық пен сақтық шаралары қатаң сақталуы тиіс екенін тағы бір мәрте ескертті.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp