Уәлиханов ауданының прокуроры Ерболат Жүсіп сала қызметкерлерінің балалары үшін ел жүрегі – Астана қаласына саяхат ұйымдастырды.
Балалар тропикалық балықтары бар океанариумнан, 5D-кинотеатрдан, “Джунгли” аниматроникстер театрынан, “Балалар қалашығы” ойын алаңынан және хайуанаттар бағынан тұратын “Думан” әмбебап ойын-сауық орталығы кешенін ұзақ аралады. Океанариумға кірген сәттен бастап балаларға теңіз мекендеушілерінен тұратын таңғаларлық суасты әлемі ашылды. Кейін олар хайуанаттар бағындағы жануарлар әлемімен танысып, таң-тамаша болды.
“Бәйтерекке” көтерілген кезде қаланың көркем келбетінен көз алмай, жүздері бал-бұл жанған балалар естелік суреттерге түсіп, мәз болысты.
Астана қаласына қызықты саяхатты ұйымдастырғаны үшін прокуратура ұжымы аудан прокуроры, әділет кеңесшісі Ерболат Еркінұлына ризашылығын білдірді.
Диана ОЛЖАБАЕВА,
Уәлиханов аудандық прокуратурасының
жетекші маманы.