М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Таңшолпан” атты облыстық ән байқауы болып өтті. Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа қатысып, бақ сынауға он үш ауданнан және Петропавл қаласынан қырыққа жуық үміткер тілек білдіріпті. Олардың қатарында талантты жас әншілерден құралған топтар да болды. Қазылар алқасының іріктеуінен өткен отыз бір талапкер алғашқы кезеңнің шарттарынан сүрінбей өтіп, ақтық сайысқа жолдама алды.
Екінші кезеңде олардың орындаушылық шеберліктеріне, сахна мәдениетіне баса көңіл бөлінді.
Байқаудың қорытындысында бірінші орынды “Вдохновение” ансамблі жеңіп алды. “Тбилиси” ерлер ансамбліне екінші орын бұйырса, жеке орындаушы Владислав Бараванов жүлделі үшінші орынды иеленді.
Меңсұлу РАХМАТОЛЛА,
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің IV курс студенті.